Олимпиада-2018: Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы жеңіліспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның әйелдер құрамасы Норвегиядағы Ставангер қаласында өткен Олимпиада - 2018 іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словакиямен өткізді.
Матчтың алғашқы бірінші бөлігінде Словакияның ойыншысы Мириам Микескова есеп ашты. Екінші жиырма минуттық тыныш өтті. Ал ұшінші кезеңде Ивета Фрухаув пен Виктория Игнатова қазақстандықтардың қақпашысын қапы қалдырды.
Словакия - Қазақстан 3:0 (1:0, 0:0, 2:0).
17 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездеседі, деп хабарлайды sports.kz.