Олимпиада-2018: Игорь Закурдаев 41-ші орынға тұрақтады

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғы жарысынан ел намысын қорғаған Игорь Закурдаев 41-орыннан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Игорь Закурдаев 41-ші орынға тұрақтады

Отандасымыз супергигант сайысын 1:29.96 уақытта бағындырып, 41-ші орынға табан тіреді. Аталған додада бас жүлдені австриялық Маттиас Майерге (1:24.44 ) бұйырды. Күміс жүлдені швейцариялық Бит Фруз (1:24.57) иеленсе, үздік үштікті норвегиялық Кьетил Янсруд (1:24.62) түйіндеді.