Олимпиада-2018: Қазақстандық биатлоншы жарысты 52-ші орынмен аяқтады

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Роман Еремин жарысты 52-ші орынмен аяқтады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Қазақстандық биатлоншы жарысты 52-ші орынмен аяқтады

Аталған додада бас жүлдені франциялық Мартен Фуркад жеңіп алса, екінші орынды швециялық Себастьян Самуэльссон қанжығасына байлады. Үшінші орынға германиялық Бенедикт Долл ие болды.

Олимпиада ойындары - 2018. Пхёнчхан

Биатлон

Ізге түсу. Ерлер, 12.5 шақырым

1. Мартен Фуркад (Франция) - 32:51.7

2. Себастьян Самуэльссон (Швеция) - +12.0

3. Бенедикт Долл (Германия) - +15.1

... 52. Роман Еремин (Қазақстан) - +5:59.4