Олимпиада-2018: Қазақстандық екі шорт-трекші іріктеуден өтпей қалды
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 1500 метрге жүгіруден қазақстандық спортшылар іріктеуден өтпеу, жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі арнайы Пхенчханнан.
Бірінші болып мұз айдынға шыққан Денис Никиша өз тобында төртінші орыға ие болып іріктеу сынынан өтпей қалса, Нұрберген Жұмағазиев екінші орында келе жатып, тайып жығылды. Осылайша бүгін екі шорт-трекшіміздің жарыстарда жолы болмады.
Фото: Izturgan Aldauyev