Олимпиада-2018: Конькишілер 1500 метрге жүгіруден жүлде ала алмады

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан сынға түскен екі спортшымыз да 1500 метрге жүгіруден жарысты жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Конькишілер 1500 метрге жүгіруден жүлде ала алмады

Федор Мезенцев бұл қашықтыққа жарыстан 28-ші орында келсе, тағы бір конькишіміз Денис Кузин 30-шы орынды місе тұтты. Бұл додада бас жүлде мен екінші орындарды голландиялық Кьелд Нейс өзара бөліссе, үздік үштікті кореялық Ким Мин-Сок қанжығасына байлады.