Олимпиада-2018: Могулдан спортшыларымыздың нешінші нөмірмен шығатыны белгілі болды
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында могулдан іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшылардың нешінші нөмірмен шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдер арасындағы сайыста Юлия Галышева 5-ші, ал Аяулым Амренова 29-шы болып жарыс алаңына шығады. Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 2-ші, ал Павел Колмаков 14-ші болып сынға түседі.
Айта кетерлігі, аталмыш нөмірлер спортшылардың әлемдік рейтингісіндегі орнына сәйкес берілді.
Могулдан іріктеу кезеңі ертең, 9 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 07:00-де басталады.