Олимпиада-2018: Шевченко ширек финалда сүрінді

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында сынға түсіп жатқан шаңғышы Анна Шевченко  ширек финалда сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада-2018: Шевченко ширек финалда сүрінді

Отандасымыз классикалық спринттің алғашқы іріктеу сынынан сүрінбей өткен болатын. Шевченко спринттік кезеңде мәре сызығын 3 минут 23,27 секундта басып, нәтижесінде 67 спортшының арасынан 27-орынға ие болды. Осылайша ол алғашқы үздік 30 спортшының қатарына еніп, ширек финалда бақ сынады. Өкінішке қарай ширек финалда 6-шы орынға қол жеткізген спортшымыз жартылай финалға қол жеткізе алмады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ерлер арасында тура осы сайыс түрінен Алексей Полторанин де ширек финалда сүрінген болатын.