Олимпиада-2020: үміткер қалалар аталды
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 2020 жылдың жазғы олимпиадасын Ыстамбұл, Мадрид және Токио қалалары өткізуге дайын.
Бұл қалалар бүгін Халықаралық олимпиада комитетінде өз өтінімдерін ұсынды, деп хабарлайды ресейлік жаңалықтар қызметі.
Наурыз айында ХОК өкілдері үміткер қалаларға аттанады. Инспекцияның қорытындылары шілде айында ұсынылады. Соңғы таңдау 2013 жылдың 7 қыркүйегінде шығарылады.