Олимпиада-2022 іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы матчына билеттер қашаннан бастап сатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан хоккей федерациясы «Н» командалар тобы Олимпиада алдындағы іріктеу турнирінің 3-ші кезеңі матчына билеттер жоспарланған мерзімнен кеш түсетінін хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиада-2022 іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы матчына билеттер қашаннан бастап сатылады

Бұдан бұрын билеттер сатылымы ОО-2022 іріктеу турнирінің 2-ші кезеңінен кейін, атап айтқанда 15 желтоқсанда Барселонада өткен Испания-Нидерланды матчынан кейін басталады деп болжанған еді. Алайда, ойын мұздың сапасына байланысты аяқталмай қалды.

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) бұл матчты 2020 жылдың 8 қаңтарында Барселонада қайта өтетінін жариялады.

Осылайша, іріктеу турнирінің 3-ші кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының үшінші қарсыласы келесі жылдың қаңтарында белгілі болады.

IIHF ережесіне сәйкес, Нидерланды құрамасы жеңіске жетсе, голландиялық хоккейшілер Нұр-Сұлтанға келеді. Егер Испания командасы жеңіске жетсе, «Барыс Аренада» «М» тобының 2-ші кезеңінде жеңген Хорватия құрамасы ойнайды. Ал, Испания Словенияға барады.

«Н» тобының 3-кезеңінің матчы Қазақстан астанасында «Барыс Аренада» 2020 жылдың 6-9 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы үш матч өткізеді: 6 ақпанда Украинамен, 7 ақпанда Нидерланды/Хорватиямен, 9 ақпанда – Польша командасымен ойнайды.