Олимпиада-2024: Қазақстандық боксшылар кімдермен жұдырықтасады

АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына бүгін тура 16 күн қалды. Нақтырақ айтсақ, 26 шілде күні төртжылдық доданың алауы тұтанады.

Олимпиада бокс
Фото: Коллаж: Kazinform

Қазір Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына лицензиялар санын 80-ге жеткізді. Оның ішінде қазақ боксшылары 10 салмақта (7 салмақ ерлер, 3 саламақ әйелдер) бақ сынайды.

Өткен тарих беттеріне қайта бұрылып қарасақ, Қазақстан құрамасы тәуелсіз ел ретінде қатысқан жеті Олимпиада ойындарында жалпы 72 медаль жеңіп алса, оның басым бөлігі, яғни 24-і боксшылардың еншісінде. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Олимпиада ойындарынан 7 алтын, 7 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды.

Жалпы, боксшыларымыз Олимпиада ойындарынан жүлдесіз қайтқан емес.

1996 жылы Василий Жиров (81 келі) - алтын, Болат Жұмаділов (51 келі) - күміс, Болат Ниязымбетов (63,5 келі), Ермахан Ибраимов (71 келі) - қола; 2000 жылы Бекзат Саттарханов (57 келі), Ермахан Ибраимов (71 келі) - алтын, Болат Жұмәділов (51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (91 келі) - күміс; 2004 жылы Бақтияр Артаев - алтын, Серік Елеуов - күміс; 2008 жылы Бақыт Сәрсекбаев (69 келі) - алтын, Еркебұлан Шынәлиев (81 келі) - қола; 2012 жылы Серік Сәпиев (69 келі) - алтын, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) - күміс, Марина Вольнова (75 келі) - қола; 2016 жылы Данияр Елеусінов (69 келі) - алтын, Василий Левит (91 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) - күміс, Иван Дычко (91 келіден жоғары), Дариға Шәкімова (75 келі) – қола медаль жеңіп алды. Ал, соңғы 2020 жылы Токио Олимпиадасында боксшыларымызға тұңғыш рет алтын бұйырмады. Тек Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) пен Сәкен Бибосынов (52 келі) - қола алып қайтты. 

Алда – Париж Олимпиадасы. Осы орайда қазақ боксшыларына төртжылдық басты додада кімдер қарсылас болатынына қысқаша шолу жасай кеткенді жөн санадық.

51 келі
Сәкен Бибосыновтың салмағындағы Олимпиадаға қатысатын боксшылар:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Биллаль Бинама (Франция)
Майкл Триндаде (Бразилия)
Джуниор Алькантаре (Доминикан Республикасы)
Юсуф Чотия (Австралия)
Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
Самет Гюмюш (Тркия)
Патрик Чиниемба (Замбия)
Титисан Панмод (Таиланд)
Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Ниджат Гусейнов (Әзірбайжан)
Алехандро Кларо (Куба)
Хуан Мануэль-Лопес (Пуэрто-Рико)
Рафаэль Серрано (Испания)
Роско Хилл (АҚШ)
Даниэль Варела де Пина (Кабо-Верде)
Амит Пангал (Үндістан)

57 келі
Махмуд Сабырханның қарсыластары:

Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
Хосе Кильес (Испания)
Чарли Сеньор (Австралия)
Долало Омоле (Нигерия)
Хавьер Ибаньес Диас (Болгария)
Шудай Харада (Жапония)
Джамал Харви (АҚШ)
Сайдель Орта Родригес (Куба)

Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Луис Оливейра (Бразилия)
Джуд Галлахер (Ирландия)
Йилмар Гонсалес (Колумбия)
Айдер Абдураимов (Украина)
Карло Паалам (Филиппины)
Мунарбек Сеитбек Ууулу (Қырғызстан)

63.5 келі
Мұхаммедсабыр Базарбайұлының қарсыластары:

Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Уайетт Сэнфорд (Канада)
Мигель Мартинес (Мексика)
Софян Умиа (Франция)
Гарри Гарсайд (Австралия)
Лай Чжуэнь (Қытайлық Тайпэй)
Лаша Гурули (Грузия)
Югурта Аит Бекка (Алжир)
Буньйонг Синсири (Таиланд)

Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Хесус Кова (Венесуэла)
Обада Аль-Касбех (Иордания)
Баходур Усмонов (Тәжікстан)
Руслан Абдуллаев (Өзбекстан)
Радослав Росенов (Болгария)
Ойер Ибаррече (Испания)
Эрисланди Альварес (Куба)
Малик Хасанов (Азірбайжан).

71 келі
Асланбек Шымбергеновтың қарсыластары:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Шэннон Дэви (Австралия)
Кан Ча-Вей (Қытайлық Тайпэй)
Николай Тертерян (Дания)
Омар Элавади (Египет)
Марко Верде (Мексика)
Хосе Родригес (Эквадор)
Сэвон Окадзава (Жапония)
Вахид Аббасов (Сербия)

Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Рами Мофид Киван (Болгария)
Омари Джонс (АҚШ)
Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
Нишант Дев (Индия)
Льюис Ричардсон (Ұлыбритания)
Зейяд Ишаиш (Иордания)
Дамиан Дуркач (Польша)
Эйдан Уолш (Ирландия)

80 келі
Нұрбек Оралбайдың қарсыластары:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Тоқтарбек Таңатхан (Қытай)
Габриэль Веочич (Хорватия)
Абдельрахман Ораби (Египет)
Каллум Питерс (Австралия)
Арлен Лопес (Куба)
Эумир Марсьяль (Филиппины)
Александр Хижняк (Украина)
Вандерлей Перейра (Бразилия)

Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Пилип Акилов (Венгрия)
Каан Айкутсун (Түркия)
Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
Кристиан Пиналес (Доминикан Республикасы)
Веерапон Джонджохо (Таиланд)
Хуссейн Ишаиш (Иордания)

92 келі
Айбек Оралбайдың қарсыластары:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Хань Сюэчжэнь (Қытай)
Хулио Сесар ла Крус (Куба)
Олетен Олаоре (Нигерия)
Давлат Болтаев (Тәжікстан)
Джек Марли (Ирландия)
Азиз Аббес Мухийдин (Италия)
Кено Машадо (Бразилия)

Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Патрик Браун (Ұлыбритания)
Энмануэль Рейес (Испания)
Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан)
Виктор Шельстрат (Бельгия)
Матеуш Березницкий (Польша)
Лорен Альфонсо (Әзірбайжан)
Георгий Кушиташвили (Грузия).

+92 келі
Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыластары:
Құрлықтық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Джошуа Эдвардс (АҚШ)
Мухаммад Абдуллаев (Әзірбайжан)
Баходир Жалолов (Өзбекстан)
Теремоана Джуниор Теремоана (Австралия)
Делишес Ори (Ұлыбритания)
Мурад Кади (Алжир)
Абнер Тейшейра (Бразилия)

Әлемдік іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары:
Нельви Тиафак (Германия)
Диего Ленци (Италия)
Омар Шиха (Норвегия)
Джамили-Дини Абуду (Франция)
Герлон Конго (Эквадор)
Давид Чалоян (Армения)
Айюб Гадфа (Испания)
Дмитро Ловчинский (Украина).

Соңғы жаңалықтар