Олимпиада -2026: 21 ақпанда қазақстандықтар қай спорт түрлерінде сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM – 21 ақпанда қазақстандық спортшылар үш спорт түрі бойынша медаль үшін бақ сынайды.

шорт трек
Фото: Сали Сабыров

Сағат 15:00-де (Қазақстан уақытымен) ерлер арасында 50 шақырымдық жаппай сөре форматындағы жарыс өтеді. Бұл сайыста Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков өнер көрсетеді.

Сағат 19:50-де конькимен жүгіру спортындағы соңғы олимпиадалық жарыс – әйелдер арасындағы жаппай сөре басталады. Қазақстан атынан Елизавета Голубева қатысады.

Сағат 14:45-те фристайл-акробатикадан командалық жарыстар өтеді. Бағдарламада іріктеу және финал кезеңдері бар. Қазақстан құрамасы сапында Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асан Асылхан жарыс жолына шығады.

Ал Қазақстанда ресми түрде 22 ақпан басталғанда, түн ортасынан кейін мәнерлеп сырғанаудан гала-шоу көрсетілімдері өтеді. Бұл жарыс емес, көрермендер үшін арнайы бағдарлама. Онда Михаил Шайдоров Олимпиадада көрсетілмеген жаңа бағдарламасын ұсынады.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы қатысып жатыр. Атап айтқанда, биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл-могул, фристайл-акробатика, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау спорттары қамтылған.

Сондай-ақ Қазақстан өкілдері фристайл-могул және мәнерлеп сырғанау бойынша төрешілер құрамында да жұмыс істеуде.

Айта кетейік, бұған дейін 20 ақпанда қазақстандықтар қалай өнер көрсеткенін хабарладық.