Олимпиада чемпиондары «Хабар» арнасында Астана туралы өз пікірлерімен бөлісуде. ВИДЕО
Спортшылар еліміздің бас қаласындағы ірі нысандар туралы өз әсерлерімен бөлісуде.
Қазақстанда «Real» және «Barcelona» клубтарына ұқсас «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы құрылғаны белгілі. Оның мақсаты - әлемдік аренада Қазақстанның беделін нығайту.
Клубтың құрамына «Астана» баскетбол командасы, «Астана Дакар Тим» ралли-командасы, «Астана» футбол командасы, су добынан «Астана» командасы, былғары қолғап шеберлердің «Астана Арланс» командасы, ат спортынан «Астана» командасы, «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту жобасы енді.
Бас қаламыздың 15 жылдық торқалы тойына арналған «Хабар» Агенттігінің бейне роликтер желісінде еліміздің саңлақтары өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.
Александр Винокуров, велоспорттан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы: «Бәйтерек» бұрыннан-ақ жай ғана нысан емес. Бұл - біздің жас елордамыздың, тәуелсіз Қазақстанның нышаны, үміттері мен талпыныстары. 15 жылдан кейін оның әлемдік брендке айналғанын қалаймын.
Серік Сәпиев, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы: Уақыт - теңдессіз. Әсіресе, спортшылар үшін. Сондықтан демалыс және ойын-сауық та белгілі бір пайдамен өткізілуі тиіс. Астанада жақсы демалуға мүмкіндік беретін қызықты орындардың болғаны қандай жақсы.
Бақтияр Артаев, бокстан 2004 жылғы Олимпиада чемпионы: Біздің елордамыз дамып және өркендеп келеді, күн санап келбеті өзгеріп, спорттық рекордттар да жаңартылуда. Оған жаңа спорттық нысандар мен стадиондар сеп болып отыр. «Астана Арена» іспетті құрылыстар көптеп болғай!