Олимпиада чемпиондары мен белгілі әнші Бейбіт Қорған «Астана»-«Атлетико» матчын тамашалады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қараша күні елордадағы «Астана-Аренада» өткен «Астана»-«Атлетико» ойынын барлығы 29 231 жанкүйер тамашалады, деп хабарланған «Астана» ФК әлеуметтік желідегі парақшасында.
Олардың ішінде танымал эстрада жұлдызы Бейбіт Қорған да бар. Сондай-ақ чемпиондарымыз Серік Сәпиев, Илья Ильин мен Александр Винокуров та қазақстандық командаға қолдау көрсету үшін матчқа келген. Еске сала кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Астана-Арена» стадионында кездескен елордамыздың «Астана» командасы мен испандық «Атлетико» клубы бір-бірінің қақпасына гол сала алмады. Есеп 0:0.