Олимпиада чемпиондары «Жұлдыздар аллеясын» ашты және Геннадий Головкинді құттықтады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпиондары Илья Ильин мен Александр Винокуров Геннадий Головкинді рингтегі 33-інші жеңісімен құттықтады, деп хабарлады MEGA Park сауда ойын-сауық орталығының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин Калифорния штатындағы Инглвуд қаласындағы «Форум» аренасында американдық кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақта суперчемпиондық атағын қорғап қалған болатын.
Александр Винокуров: «Гена-сүйкімді! Ол жұртшылықты рахат сезімге бөледі, біз де бұл жекпе-жектен үлкен ләззат алдық. GGG ел мәртебесін көтереді, осы үшін де оған, оның жанұясына және оның командасына үлкен рахмет»,- деп атап өтті.
Бұл құттықтауға Илья Илин де қосылды. «Құттықтаймын, жарайсың! Мен ол үшін өте қуаныштымын. Тек алға ұмтылу керек. Мен білемін, Генаның алдында үлкен мақсаттары бар, біз әрқашанда онымен біргеміз. Жарайсың, үлкен-үлкен жеңістер тілейміз саған!».
Ильяның айтуынша, жеңістің бағасы - тынымсыз еңбек, тынымсыз дайындық. «Бұл жеңістер бізді жаңа асуларға жетелейді»,- деді екі дүркін Олимпиада чемпионы бүгін Алматыда «Жұлдыздар аллеясының» ашылу рәсімінде. Осыдан біреше сағат бұрын мұнда оның жұлдызы «жанған» болатын.
«Илья тарихты жасайды», - деп қосты Ильинді атаулы жұлдызымен құттықтауға келген Александр Винокуров.
«Жұлдыздар аллеясы» ашылғаннан кейін Олимпиада чемпиондары Astana Group-тің негізін қалаған Нұрлан Смағұловпен, World Class директоры Валихан Тенмен және атақты спортшылардың өзге де жанкүйерлерімен бірге естелік селфи жасады.
«Жұлдыздар аллеясы» - танымал қазақстандықтардың еңбегін мәңгіге қалдыру үшін жасалған ерекше жоба.