Олимпиада чемпиондарына ең көп сыйақы берген қай ел?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында әр ел чемпиондары мен жүлдегерлеріне қомақты сыйақы ұсынады. Лондон олимпиадасында Грузия мемлекеті бірінші орын алған спортшыларына 1.2 миллион АҚШ долларын беріп, ең көп сыйақы ұсынған ел ретінде есте қалды.
Одан кейін айтарлықтай сыйақы берген екінші ел - Әзербайжан. Олар чемпиондарына 510 мың АҚШ долларын тарту етті. Ал Қазақстан спортшыларына сыйақы беруден үздік үштікті түйіндеген болатын. Біздің елде Олимпиада чемпионы атанған спортшы 250 мың АҚШ долларына ие болады. Биыл да Риода топ жарған спортшыларды осындай ірі көлемдегі сыйақы күтіп тұр. Екінші орын алған спортшы 150, үшінші орын алған спортшы 75 мың АҚШ долларына иелік етеді.
Бұл әрине, мемлекеттің ұсынатын сыйақысы. Ал әр спортшыны қай облыстың атынан шықса, сол жердегі жергілікті билік тағы да марапаттап жатады. Басына үй, астына көлік мінгізетін әкімдер де көп кездеседі.
Сонымен, Лондон олимпиадасында жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ең көп сыйақы берген 10 мемлекеттің тізімін назарларыңызға ұсынайық.
|
№ |
Мемлекеттер |
Алтын $ |
Күміс $ |
Қола $ |
|
1 |
Грузия |
1.2 млн |
30 000 |
20 000 |
|
2 |
Әзербайжан |
510 000 |
255 000 |
128 000 |
|
3 |
Қазақстан |
250 000 |
150 000 |
75 000 |
|
4 |
Қырғызстан |
200 000 |
150 000 |
100 000 |
|
5 |
Латвия |
172 000 |
103 000 |
61 180 |
|
6 |
Италия |
172 000 |
92 250 |
61 500 |
|
7 |
Беларусь |
150 000 |
75 000 |
50 000 |
|
8 |
Ресей |
125 000 |
75 000 |
50 000 |
|
9 |
Пәкістан |
107 526 |
53 763 |
32 258 |
|
10 |
Украина |
100 000 |
75 000 |
50 000 |