Олимпиада чемпионы Елдос Сметов дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа қолдау көрсетті

ПАРИЖ. KAZINFORM – Парижде  өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медаль сыйлаған Елдос Сметов командаласы Ғұсман Қырғызбаевқа жанкүйерлік танытып, жарыс алаңына арнайы келді. 

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қырғызбаевқа қолдау көрсетті
Фото: Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, бүгін дзюдошылар арасында 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғап жатыр. Ол алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, жеңіске жетті. 

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қырғызбаевқа қолдау көрсетті
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ал, Елдос Сметов кеше 60 келі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, чемпион атанған еді.