08:09, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Олимпиада чемпионы Камила Сколимовская 26 жасында қайтыс болды
ВАРШАВА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат -Балға лақтырудан Олимпиада тарихында тұңғыш чемпион атанған поляк спортшысы Камила Сколимовская жеңіл атлетика құрамасының жаттығуы өтіп жатқан Португалияда кеше қайтыс болды.
Сколимовскаяның денсаулық жағдайы жаттығу кезінде нашарлап, ол жедел реанимацияға жеткізілген, бірақ дәрігерлер спортшыны аман алып қала алмады. ҚазАқпарат бұл туралы РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Камила 26 жаста болатын. Ол 1982 жылы Варшавада туған, оның әкесі Роберт Сколимовский ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері болған адам. Поляктың спортшы қызы 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 17 жасында жеңімпаз атанған еді.