Олимпиада чемпионы кенеттен қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні 75 жасында 1972 жылғы Олимпиада чемпионы Владимир Воронков қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей Шаңғы жарыстары федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
«Сейсенбі күні олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның бірнеше мәрте чемпионы Владимир Воронков кенеттен көз жұмды. Ресейдің Шаңғы жарыстары федерациясы марқұмның туған туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», делінген Ресей Шаңғы жарыстары федерациясының басшысы Елена Вяльбенің мәлімдемесінде.
Воронков КСРО құрамасында Саппорода өткен 1972 жылғы Олимпиада эстафетасында алтын жеңіп алған. Сондай-ақ, спортшы 1970 жылғы әлем чемпионатында эстафеталық жарыстың жеңімпазы атанған еді.