Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ұлды болды
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - 12 маусым күні дүниеге ұл әкелген Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова перзентхана қабырғасында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті.
Бұл туралы Vesti.kz. жазып отыр.
Спортшының екінші баласының салмағы 3,5 келі, бойы 55 сантиметр. Ольга мен Денис Рыпаковтар бүгінде 9 жастағы қыздарын тәрбиеліп отыр. Қазіргі уақытта ана мен сәби үйлеріне оралуға әзірленуде.
- Біздің жағдайымыз жақсы,-дейді спортшы.
- Әзірге перзентханадамыз, ертең шығарып қалуы мүмкін. Бірақ әлі жалпы тексеру жүргізіледі, содан кейін нақты белгілі болады.
- Сәбиге есім таңдадыңыздар ма?
- Әзірге баланың туу куәлігі берілген жоқ, сондықтан таңдап жатырмыз. Сәбидің алғашқы құжаты қолымызға тиген соң, бірден хабарлаймыз.
Еске сала кетейік, Ольга Рыпакова 2012 жылы Лондонда ұзындыққа секіруден, үш қарғып секіруден, жеті сайыстан олимпиада алтынын жеңіп алды. Оның жұбайы Денис Рыпаков Қазақстанның жеңіл атлетика бойынша еңбегі сіңген жаттықтырушы және Ольганың жеке бапкері болып табылады.