Олимпиада чемпионы С.Сәпиев Спартакиада жеңімпаздарын марапаттайды
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Тамыздың 27-сі күні ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Орталық аппаратында кеден органдары арасындағы VII Спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Оған Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогыныңы иегері, боксшы Серік Сәпиев қатысады.
Бүгін Спартакиада аясында Кедендік бақылау комитетінің Астанадағы спорт кешенінде іріктеу матчтары басталды. Тамыздың 26-сына дейін 10 облыстан келген кеденшілер шағын футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисі сайыстарына түсіп, өзара күш сынаспақ. Тамыздың 27-сі жеңімпаздар анықталмақ. Осы күні Кедендік бақылау комитетінің Орталық аппаратында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Оған Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, боксшы Серік Сәпиев шақырылып отыр.