Олимпиада чемпионы спорттан өмір бойына шеттетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бобслейден Сочи Олимпиадасының екі дүркін жеңімпазы атанған ресейлік Алексей Воевода өмір бойына спорттан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы Олимпиада чемпионын Сочи ойындарында допинг қолданғанын дәлелдеп шыққан. Сол үшін ол Олимпиаданың алтын медальдарын кері қайтарып қана қоймай, өмір бойына спорттан шеттетілсін деген шешім шығарған.
Алайда, 37 жастағы спортшы бұл айыптаулармен келіскен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Воевода Сочиде Олимпиадасында жұптасып өнер көрсету мен төрт адамдық бәсекеде топ жарған болатын.