Олимпиада чемпионы жансақтау бөліміне түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы Анастасия Близнюк жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС-қа телефон арқылы спортшының әкесі, атақты футболшы Илья Близнюк хабарлаған.

Олимпиада чемпионы жансақтау бөліміне түсті

Анастасия Близнюк жансақтау бөліміне дүйсенбі күні түскен. «Біз Мәскеуге шұғыл ұшпақпыз»,-деді ол. -Әзірге бұл жағдайдың қалай болғандығын біле алмай отырмыз, өйткені дәрігерлермен тек телефон арқылы сөйлестік. Жалғыз ғана айтарым, қазір ол жансақтау бөлімінде».

Спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы жеңісінен соң (топтық көпсайыс) спорттық мансабын аяқтаған болатын.

Ол екі дүркін Еуропа чемпионы.