Олимпиада: Данияр Қайсанов «қола» үшін күресте қарсыласына есе жіберді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Токио Олимпиадасында қола медаль үшін күрескен 74 келі салмақтағы Данияр Қайсанов қарсыласына есе жіберіп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайсанов қола жүлде үшін күресте өзбекстандық Бекзод Абдурохмановпен кездескен болатын.

Өкінішке қарай, кездесу басталған бетте Абдурохманов алға ұмтылып, белдесуді уақытынан бұрын бітірді.

Есеп - 13:2, жеңіс – өзбек балуанында.

Осылайша, Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтады.


ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК


Соңғы жаңалықтар