Олимпиада: Ильфат Абдуллин садақ атудан жеңіліс тапты

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин садақ атудан сынға түсті.

Ильфат Абдуллин садақ атудан жеңіліс тапты
Фото: Владислав Семенов

Отандасымыз садақ атудан жекелей сында канадалық Эрик Петерстен жеңіліп, Париж олимпиадасын аяқтады. Есеп - 4:6.

Осыған дейін садақ атудан Қазақстан құрамасы командалық жарыста Италиядан жеңілген.

Осылайша садақшылар үшін олимпиада аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық садақшылар 25 шілдеде рейтингілік раундта сынға түскен еді. Бұл кезеңде Ильфат Абдуллин 29-орынға (663 ұпай) тұрақтаған болатын.

Бұған дейін Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар