Олимпиада қарсаңында Лондон қонақ үйлері 4 есеге күрт қымбаттап кетті

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Лондонның бірқатар қонақ үйлеріндегі нөмірлер Олимпиада қарсаңында 4 есеге дейін қымбаттады,

Олимпиада қарсаңында Лондон қонақ үйлері 4 есеге күрт қымбаттап кетті

деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Мәселен, Лондонның орталығында орналасқан қонақ үйдің бірінің нөмірлері осы айдың соңы мен келесі айдың басына 2,9 мың фунт стерлингке (4,5 мың доллар) жеткен. Бұл қызмет түрінің 139 пайызға қымбаттағанын білдіреді. 

Сарапшылар сонымен қатар күніне 180 мыңға дейін көрермен жиналатын британ астанасының шығысындағы Олипиадалық саябаққа таяу орналасқан қонақ үйлердің нөмірлерінің де бағасын сараптаған. Олардың атап өтуінше, қазірдің өзінде бос бөлмелер жоқ. Бұл ретте кейбір кейбір қонақ үйлер бір аптаға 5 мың фунт стерлингтен (7,8 мың доллар) астам қаржы сұрауда. Бұл олардың стандартты бағаларынан 4 есеге артық.