Олимпиада: Қазақстандық із кесу жарысына қатысуға мүмкіндік алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы спринт жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиада: Қазақстандық із кесу жарысына қатысуға мүмкіндік алды

Биатлон ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт жарысында ел намысын Владислав Киреев және Александр Мухин қорғады.

Жарыс қорытындысында Александр Мухин мәре сызығын 49-шы болып кесті. Ал Владислав Киреев мәреге 77-ші болып жетті.

Нәтижесінде Мухин алдыңғы 50 спортшының қатарынан көрініп, із кесу жарысына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл додада мәре сызығын бірінші болып кескен Норвегия Йоханнес Бое (24:00.4 (0+1)) жеңімпаз атанды. Екінші орынды франциялық биатлоншы Квентин Фийон-Мэйле (+25,5 (1)) қанжығасына байлады. Үздік үштікті Норвегияның тағы бір өкілі Тарья Бе (+38,9 (1)) түйіндеді.