Олимпиада мен Паралимпиада жеңiмпаздарының жаттықтырушыларына пәтер беру мәселесi шешiлуде - Спорт министрлiгi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада мен Паралимпиада жеңiмпаздарының жаттықтырушыларына пәтер беру мәселесi шешiлуде. Бұл туралы бүгiн Кореяның Инчхон қаласындағы XI Азиялық Пара ойындар - 2014-тің қорытындыларына арналған брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрi Тастанбек Есентаев мәлiм еттi.
«Бiздiң заңның iшiнде пәтер беру туралы бiздiң Олимпиада жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi және сонымен қатар паралимпиаданың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне үй берiледi деп заңда көрсетiлген. Сондықтан бұл жерде шешiлмеген бiздiң сұрағымыз, депутаттарда көтердi - солардың жаттықтырушыларына да үй беру туралы сауал. Әрине, әзiрге бұл сұрақ шешiмiн тапқан жоқ, бiрақ бiз оның да шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Ал ендi ақшалай жағынан Олимпиада жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiнiң жаттықтырушылары спортшылармен бiрдей ақшалай сыйақыны алатын болады», - деп атап өттi ол.