Олимпиада: Нұрислам Санаев еркін күрестен «қола» жеңіп алды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін кездесулер өтуде. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада: Нұрислам Санаев еркін күрестен «қола» жеңіп алды

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.

Бұл - қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі. Жалпы, Қазақстан қоржынында әзірге 6 қола медаль бар.


ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК