Олимпиада ойындары-2012 алауы немістің БМВ концернінде сынақтан өтті
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Біріккен Корольдікте Олипиадалық ойындар-2012 алауы эстафетасында қатысушылар алып жүретін британдық алау немістің Мюнхендегі БМВ концернінде инновациялық зерттеулер орталығында жан-жақты сынақтан өтті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Жазғы олимпиадалық ойындарды ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы екі тәжірибелік нұсқа компьютер бағдарламасы ұсынған шарттармен аэродинамикалық тоннельде қатаң емтиханға ойдағыдай төтеп берді.
Британдық мамандар жасаған алау сағатына 80 шақырымдық екпіндегі желге, экстремальдық температурада сыналды. Енді ол биік таулы аймақтарда сыннан өтеді.
Әрбір алаудың құны 495 фут (785 доллар) тұрады. 2012 жылғы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындарды Лондон ұйымдастыру комитеті барлық 8 мың алауды жеңілдікпен сатып, 2,5 млн. доллардан астам қаржы түсрмек.
Біріккен Корольдіктегі алау эстафетасы ресми түрде 19 мамырда басталады. 70 күннің ішінде алау алып жүрушілер 12 мың 800 шақырым қашықтықты басып өтеді, ал 27 шілдеде Лондондағы олимпиадалық стадионында оның салтанатты ашылуында жағылады.
Бұрынғы ойындардан ерекшелігі - эстафета ұйымдастырушы-ел - Ұлыбритания мен көршілес Ирландияда ғана өткізіледі.