Олимпиада ойындарын 170 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарын 170 530 адам тамашалап үлгерді. Бұл туралы ХОК-тың коммуникация бойынша директоры Марк Адамс мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Олимпиада ойындарын 170 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді

Олимпиада жарыстары 8 ақпанда басталып кеткен, ал Ойындардың ресми ашылуы 9 ақпан күні болды.

«8 ақпаннан бастап Ойындарды тамашалауға келгендердің саны 170 530 адамға жетті, 209 мың билет шетелге сатылды, бұл жалпы квотаның 19,5 пайызы», - деді Адамс.