10:40, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Олимпиада ойындарына билеттердің 75 пайызға жуығын британдықтар сатып алды
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - XXX Жазғы Олимпиада ойындарына билеттердің шамамен 75 пайызын британдықтар сатып алды, деп жазылған РБК-да.

Бұл туралы Ойындарды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Сэб Кои хабарлаған. Шенеунік атап көрсеткендей, спорттық шараларды ұнататын адам ретінде кіру билеттерін алып үлгермегендерге өкініш білдіретінін айтты. «Спорттық жарыстар тарихында мұндай үлкен сұранысқа ие болған билеттер болған жоқ», - деп атап өтті С.Кои.
Сондай-ақ С.Кои ұйымдастырушылар алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізгендігін айтты: стадиондар адамдарға толады, билеттер қолжетімді бағамен сатылды және бұл ретте жоспарланғандай ақша түсіре алды.