Олимпиада ойындарына хиджаб киген әйел спортшылар қатысады

Олар денеге жабыспай, еркін тұратын спорт киімін киіп, бастарына хиджаб - шашын жауып тұратын орамал тақпақ.
rg.ru хабарлағандай, Сауд Арабиясы Лондонға екі спортшы жіберетінін хабарлаған. Оның ішінде дзюдошы Воджан Али Серадж Абдулрахим Шахрхани (78 келіден жоғары салмақта) және 800 метрге жүгіретін желаяқ Сара Аттар бар. Сауд Арабиясы әйел спортшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына тыйым салуын бір ай бұрын тоқтатқан. Соңғы айға дейін Сауд Арабиясының әйелдеріне спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салынғандықтан, Олимпиададағы әйгілі спортшылармен сынға түсетін лайықты адам табылмаған. Шахрхани мен Аттар журналистерге берген сұхбатында өз елін таныстыратынына бақытты екенін жеткізген. Олар медаль алуға үміттенбейді де. Сондай-ақ екі спортшы да шетелде өскен. 17 жасар Сара Аттар Калифорнияда туған, АҚШ-тың қосымша азаматтығы бар бойжеткен Лос-Анджелесте оқиды.
Айта кетейік, бұған дейін Бруней мен Катар сияқты мұсылман мемлекеттері де Олимпиада ойындарына әйел спортшылар жіберуге ұсыныс білдірген. Брунейді жеңіл атлет Мазия Махасин таныстырса, Ираннан 25 жасар Неда Шахсавари (үстел теннисі), Алжирден әйелдер волейбол командасы келмек.
1tv.kz