Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен ел намысын 3 спортшы қорғайтын болды

Оның жолын бұл жолы молдовалық Людмила Кристи кесті.
Бұған дейін Астанада өткен Азиялық іріктеу турнирінде А.Әбілдина бірінші айналымда өзбекстандық Лиля Шакированы ұтқанымен, жартылай финалда турнир жеңімпазы атанған үндістандық Гита Гитаға есе жіберген болатын. Ал 27-29 сәуір күндері Қытайдағы Тайваньда өткен іріктеу турнирінде бапкерлер сенім артқан Айжан Смағұлова алғашқы сында италияндық Валентина Мингуззидің осал тұсын таба алмай, жарысты ерте аяқтаған еді. Енді Айым Әбілдина өзіне берілген соңғы мүмкіндікті тағы пайдалана алмады.
Енді Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойындарында әйелдер құрамасы 4 салмақ дәрежесінің үшеуінде ғана бақ сынайтын болды. Олар 2011 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Жұлдыз Эшимова (48 кг) мен үздік бестікті түйіндеген Гүзел Манюрова (72 кг) және Азиялық турнирдің жеңімпазы Елена Шалыгина (63 кг).