Олимпиада ойындарының 18 дүркін чемпионы Майкл Фелпс қылмыстық жауапқа тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының 18 дүркін чемпионы Майкл Фелпс өзінің Range Rover көлігімен АҚШ-тың Мэриленд штатында ұсталған болатын. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтемемен 24.kz жазады.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 29 жастағы суда жүзушінің қанындағы алкоголь мөлшері рұқсат етілген көрсеткіштен 2 есеге артық болған.
Ал CBS корреспонденті Джим Маккей өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында: «Майкл Фелпс көлікті мас күйде басқарғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған шартты түрде 1 жыл және 18 ай сынақ мерзімі тағайындалды. Ол абақтыға жабылмайды, себебі Фелпс қазір емделіп жүр, сонымен қатар Тоусон университетінің емделушілеріне қарайды», - деп жазған.