Олимпиада: Спортшыларымыздың бүгінгі жарысын қай телеарналардан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында қазақстандықтардың бүгінгі жарыстарын қазақстандық үш телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиада: Спортшыларымыздың бүгінгі жарысын қай телеарналардан көруге болады

Нақтырақ айта кетсек, жанкүйерлерәйелдер арасындағы биатлоннан спирнттің финалын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тамашалай алады. Ал шорт-тректен 500 метр қашықтықтан өтетін доданы «Qazsport» арнасынан тамашалауға болады. Сондай-ақ, шаңғы жарыстарын ерлер арасындағы 15 км жарыс ы мен шаңғыдан тұғырдан секіру бәсекесін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Телеарналар жарысты мына уақыттарда көрсетеді:

«Qazaqstan» арнасы:

14:50 Биатлон. Спринт. Әйелдер. Финал - Галина Вишневская-Шепоренко;

«Qazsport» арнасы:

17:50 Шорт-трек. Финал. Ерлер - 500 м, 5000 м - Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов;

«Хабар» арнасы:

12:50 Шаңғы жарысы. Ерлер. 15 км - Виталий Пухкало мен Евгений Величко;

15:40 Шаңғымен тұғырдан секіру. Ерлер. Іріктеу - Данил Васильев пен Сергей Ткаченко.

Сағаттар Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.


Фото: olympic.kz