Олимпиада: Тағы бір шорт-трекшіміздің жолы болмады
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен қыздар арасында 500 метрге жүгірген Анастасия Крестова жарысты сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі арнайы Пхенчханнан.
Анастасия Крестова өз тобында жарысты төртінші орынмен аяқтады. Бұл көрсеткішпен ол келесі кезеңге өте алмайды.
Айта кетейік, осыған дейін Денис Никиша мен Нұрберген Жұмағазиев та бірінші іріктеуден өте алмай қалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Фото: Izturgan Aldauyev