Олимпиада жолдамасына таласатын балуандар белгілі болды

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат  - 30 наурыз күні Астанада өтетін күрес түрлерінен Олимпиадалық іріктеу сынына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
None
None

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше,  грек-рим күресінде бас бапкер Мұратбек Қасымханов. Ал балуандарға тоқталатын болсақ, 55 келіде  Асхат Құдайбергенов, 66 келіде Дархан Баяхметов, 84 келіде  Даниял Гаджиев, сондай-ақ  96 келі салмақта Ерұлан Ысқақов сынды спортшылар бар.

Бұдан бөлек, еркін күрестен  бас бапкер Алтай Танабаев. Бұл тартыста 66 келіде  Ақжүрек Таңатаров,  84 келіде Семен Семенов, ал 120 келіде  Марид Мүтәлімов бақтарын сынайды.

Астанадағы дүбірге 20 елден балуандар келмек. Олардың қатарында 5 дүркін әлем чемпионы ирандық Хамит Суриян (55 келі), екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбек Артур Таймазов (120 келі) бар.

Соңғы жаңалықтар