Олимпиада жүлдегері Ислам Сатпаев іріктеу жарысын аяқтады
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында нысана көздеуден қазақстандық Ислам Сатпаев винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеуді аяқтады.
Ұлттық құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған Ислам Сатпаев 588 ұпай жинап, 18-сатыға тұрақтады. Ал Константин Малиновский 586 ұпаймен 25-орыннан көрінді. Мұнда жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы ертең финалға жолдама алды.
Барлығы іріктеуге 44 спортшы қатысты.
Айта кетейік, бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен — триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығуы тиіс.
Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 12-ші орынға жайғасты.