Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов әлем біріншілігінің ширек финалында ұтылып қалды

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның астанасы Будапешт қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов ширек финалда ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ол алғашқы айналымда Мозамбик елінің дзюдошысы Неусо Сигокадан айласын асырса, екінші белдесуінде бразилиялық Эрик Такабатакеден, үшінші айналымда ирандық Мохаммад Рашнонеждданан үстем түсті. Өкінішке қарай ширек финалда әзербайжандық  Орхан Сафаровтен ұтылып қалды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевта ширек финалдан аса алмады. Ол чех жігіті Павел Петриковтан ұтылды. Енді екі дзюдошымыз жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар