Олимпиада жүлдегері тракторға соғылып, зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның конькимен сырғанаушысы Наталья Червонка жаттығу кезінде зардап шекті, деп хабарлайды TVN24. Омыртқасы мен басы зақымданған спортшы ауруханаға жетікізілді.
Оқиға велосипедпен жаттығу кезінде болған. Наталья Червонка жол шетінде тұрған трактордың бірінің жанына өтіп бара жатып, оның артында тағы екіншісі тұрғанын байқамай қалған. Ол көлікпен қақтығысудан қашпақ болып, велосипед рулін оқыс бұрса да, ауылшаруашылық техникасына барып соғылған. Спортшы өзінің Facebook-тағы парақшасына «трактормен соқтығысу салдарынан сынған омыртқам он екі жерден тігілді» деп жазады. Айта кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындарында Наталья Червонка командалық жарыста күміс жүлдеге ие болған еді.