Олимпиадада роботтар суретке түсіретін болады
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Лондонда өтетін Олимпиада ойындарын роботтар суретке түсіретін болады. 11 автоматтандырылған камера адамдардың қолы жетпейтін жерлерге орналастырылатын болады,
деп хабарлады Утро. ру.
Камералардың қол теннисі, бокс, таэквондо, дзюдо, күрес, семсерлесу және ауыр атлектика тәрізді жарыс түрлері өтетін маңда орналастырылады. Олардың көмегімен жүзу, баскетбол, гимнастика және жеңіл атлектика бойынша жарыс кадрларын көруге мүмкіндік бар.