Олимпиадаға баратын мергендер допингке қарсы сынама тапсырды

Олимпиада
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазір нысана көздеуден Ұлттық құрама Шымкент қаласында Бразилияда өтетін шешуші лицензиялық Әлем Кубогының кезеңіне дайындалып жатыр.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқу-жаттығу жиыны барысында ҚР Допингке қарсы ұлттық орталық маманы Матлуба Төреқұлова «Спорттағы допинг және оның спортшы мен қоғам үшін салдары» тақырыбында семинар өткізді.

Мұнда биологиялық белсенді қоспалардың қаупі мен тыйым салынған препараттардың тізімі сөз болды.

Сондай-ақ дәл осы күні Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізген Ұлттық құрама өкілдері – Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Арина Алтухова, Александра Ле, Никита Чирюкиннен допингке қарсы ұлттық орталық өкілдері сынама алды.

«Бұл Олимпиада лицензиясын алған спортшыларымыз тапсырып жатқан екінші сынама. Алғашқысын ақпан айында алған. Келесісі ойындарға жақын қалғанда болуы керек. Лекцияға негізгі командамен қатар, жастар құрамасының спортшылары да қатысты. Біз жыл сайын осындай семинар өткізуге тырысамыз. Мәселен, биыл қатарынан үшінші жыл федерацияның атсалысуымен допингке қарсы орталықтан арнайы маман шықырдық», - деп айтты Ольга Довгун Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар