Олимпиадаға қатысатын қазақстандық мергендер Беларусь ашық чемпионатында жеңімпаз атанды

олимпиада
Фото: qaz_team_official

АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы олимпиадаға қатысатын қазақстандықтар Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова оқ атудан Беларусь ашық чемпионатында жеңімпаз атанды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық мергендер тапаншамен 10 метрге оқ атудан аралас жұп бәсекесінде үздік шықты.

Олимпиадалық спорт түрлерінен ғана өтіп жатқан аталмыш жарыста үш елден 180 спортшы бақ сынауда. Турнир 29 маусымға дейін созылады.

Бұл дода Париж олимпиадасы қарсаңында спортшылардың шеберлігін ұштай түсуге септеспек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын спорт министрінің Париж олимпиадасына 80-85 жолдамамен барсақ деп отырғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар