Олимпиадаға қатысатын қазақстандықтардың бірінші тобы Лондонға 18 шілдеде ұшады

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандықтардың бірінші тобы Лондон қаласына 18 шілдеде ұшады, деп хабарлайды ХАБАР (СПОРТ).

Олимпиадаға қатысатын қазақстандықтардың бірінші тобы Лондонға 18 шілдеде ұшады

Қалғандары Олимпиада астанасына жарыстардың кестесіне сәйкес келеді. Негізінен, спортшылар үздік акклиматтау үшін жарыстарға 2-3 күн бұрын келеді.

Жалпы алғанда қазақстандық делегация 180 адамнан тұрады. Бұл спортшылар, жаттықтырушылар, сылаушылар, дәрігерлер. Спортшыларымыздың нақты санына келер болсақ, ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына 114 қазақстандық азаматтың лицензия жеңіп алғанын еске сала кетейік.