Олимпиадаға іріктеу: Хоккейден Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Братислава қаласында шайбалы хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді.

Хоккей
Фото: ҚР ҰОК

Бүгін аталған турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті атап өткендей, финалдық іріктеу кезеңі аясында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен кездеседі. 

Жарыс кестесі төмендегідей: 

29 тамыз, 17:00
Қазақстан — Венгрия

30 тамыз, 17:00
Қазақстан — Австрия

1 қыркүйек, 21:00
Словакия — Қазақстан