Олимпиадаға үшінші жолдама — Махмұд Сабырханда

АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан ширек финалда қарсыласын жарыс жолынан тайдырып, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

махмұд сабырхан
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
көрермен
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Отандасымыздың шешуші сәттегі қарсыласы — 2011 жылы Астана төрінде өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында топ жарған, сонымен қатар осы жылы әлемде ең мықты жасөспірім атағын жеңіп алған аса тәжірибелі тәжікстандық боксшы Асрор Вохидов болатын.

махмуд
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Сабырхан қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, лицензияға ие болды.

Махмұд Сабырхан алғашқы іріктеу сынында эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтса, осы турнирдегі екінші айқасында Таиланд боксшысы Саравут Суктхетті 3:2 есебімен жеңді.

махмуд
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ал үшінші айқасында Пуэрто-Рикодан келген Хосе Калеб Паган Тирадомен қолғап түйістіріп, тағы да қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға өткен болатын.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Міне, бүгін жолдама сарапқа салынған шешуші сында тәжікстандық Асрор Вохидовтан айласын асырып, қазақ боксшыларының Париж олимпиадасына жолдама санын тағы біреуге толықтырды.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

 

Соңғы жаңалықтар