15:51, 10 Сәуір 2025 | GMT +5
Олимпиадалық салмақ дәрежелері өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық Олимпиада Комитеті Лос-Анджелес 2028 Олимпиадасынан бастап әйелдер боксының бағдарламасы кеңейтілетінін ресми түрде хабарлады.

Олимпиада Ойындарының тарихында тұңғыш рет бокста ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушылар саны теңесті. Олимпиада бағдарламасындағы салмақ дәрежелері:
Әйелдер (124 боксшы): 51, 54, 57, 60, 65, 70, 75 келі.
Ерлер (124 боксшы): 55, 60, 65, 70, 80, 90, +90 келі.
Айта кетелік ХОК атқарушы комитеті боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы ұсыныс жасап, Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды.