Олимпиадалық біліктілік турнирінде Қазақстан атынан тек «Барыс» ойыншылары қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осло қаласына, олимпиадалық біліктілік турниріне аттанған хоккейшілер 100 пайыз «Барыс» хоккей клубының ойыншылары. Бұл туралы астаналық команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қақпашылар: Виталий Колесник, Дмитрий Мальгин, Павел Полуэктов.
Қорғаушылар: Александр Липин, Артемий Лакиза, Вячеслав Трясунов, Дамир Рыспаев, Данияр Қайыров, Кевин Даллмэн, Мадияр Ыбырайбеков, Максим Семёнов, Роман Савченко.
Шабуылшылар: Александр Шин, Брэндон Боченски, Владимир Маркелов, Дмитрий Гренц, Евгений Рымарев, Иван Кучин, Константин Пушкарёв, Максим Худяков, Найджел Доус, Никита Иванов, Никита Михайлис, Нұрсұлтан Белгібаев, Роман Старченко, Ярослав Евдокимов.
Турнир кестесі (Астана уақыты бойынша):
1 қыркүйек
20:00 - Франция - Италия
23:55 - Қазақстан - Норвегия
2 қыркүйек
20:00 - Франция - Қазақстан
23:55 - Норвегия - Италия
4 қыркүйек
15:30 - Италия - Қазақстан
19:00 - Норвегия - Франция
Қазақстан құрамасы қатысатын матчтар KazSport телеарнасына тікелей эфирде көрсетіледі.