Олимпиадалық емес спорт түрлерінен өтіп жатқан 8-ші Бүкіләлемдік ойындарда қазақстандық каратэші чемпион атанды

 АЛМАТЫ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайпейдің Каошуна қаласында олимпиадалық емес спорт түрлерінен өтіп жатқан 8-ші Бүкіләлемдік ойындарда каратэ-до-дан Халид Халидов чемпион атанды,

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен өтіп жатқан 8-ші Бүкіләлемдік ойындарда қазақстандық  каратэші чемпион  атанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 105 елден 4 мыңнан астам спортшы қатысып жатқан бұл бәсеке спорттың 31 түрі бойынша өтіп жатыр. Онда ел намысын қорғап жатқан 10 атлеттің үшеуі  Парвиз Мансуровтың шәкірттері. Олар - Дархан Асаділов, Әлібек Піренов және Халид Халидов. Мемлекеттік бапкер Жандос Санауовтың айтуынша, оған Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы шақырту бойынша ғана қатысып отыр.  Жерлестеріміз жарысқа  алғаш рет келгендеріне қарамастан  екі күн созылған сайыста Халид Халидов барлық қарсыластарынан басым түсіп, Бүкіләлемдік ойындар чемпионы деген  атаққа қол жеткізді.

 2008 жылы Жапонияда өткен  Әлем біріншілігінде Дархан - күміс, Әлібек қола жүлдеге, ал   Халид 2006 жылы Финляндияда болған Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.

  Жалпы Әлем чемпионаты екі жылда бір рет, ал Бүкіләлемдік ойындар 4 жылда бір рет өтеді. Ал олимпиадалық емес спорт түрлерінен Бүкіләлемдік ойындар алғаш рет 1981 жылы АҚШ-тың Санта-Клара қаласында ұйымдастырылған  болатын. Одан кейін  Ұлыбританияның - Лондон,  Германияның - Карлсруэ, Нидердандияның - Гаага, Финляндияның  - Лахти, Жапонияның - Акита, Германияның  Дуйсбург қалаларында өтті.