Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Италияда су добынан әйелдер командалары арасында Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бүгінгі жарыс күні Қазақстан құрамасы Словакия командасымен кездесіп, 11:10 есебімен ұтты. Ел құрамасы топтық кезеңде үшінші орынмен ширек финалға шыққан болатын.

Енді қазақстандықтар Израиль-Франция жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерланды қыздарына жол берді. Есеп 6:19 (1:5, 2:4, 0:4, 3:6). Қазақстан құрамасынан Айжан Ақылбаева, Дарья Рога, Анна Турова (2), Дарья Муравьева және Анастасия Еремина мергендік танытты.